Жүсіп ата кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүсіп ата кесенесі - Түркістан қаласынан 30 шақырым жерде Иқан аулында орналасқан.


Ескерткіштің шығыс бетінде Алматы – Самара тас жолы жатыр. Ескерткіш молалар арасында орналасқан. Ол жерге ең соңғы рет 2000 жылдай бұрын жерленген. Саман құрылыстың солтүстік жағы бүлінген. Кесене тікбұрышты 2–камералы құрылыс. Гурхананың сақталған бөлігі бір қабатты күмбезбен жабылған.

Портал солтүстіктен 40 градус еңкейіп Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бағытталған. Кесене 500 жылдай уақыт бойы өмірінде негізгі доменттарын жоғалтқан – яғни, Портал мен Зиаратхана қабырғалары бүлініп, біркелкі 3 метрдей биіктікте ғана сақталған. Ғимарат едені мүлде сақталмаған, оның орнына шөп өсіп кеткен. Гурханаға кіре беріс екі шетінде кейіннен жерленген қабірлер бар. Гурхана кіреберіс өзінің алғашқы қалпын жоғалтпаған. Есік жақтаулары мен темір торлар кейіннен қойылған. Қазіргі уақытта гурханада 8 қабір бар.<ref>Жүсіп ата кесенесі</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер