Жүніс Әбуғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүніс Әбуғалиев (1926 жылы туған), партия, кеңес қызметкері. Шет ауданы түлегі. Еңбек жолын Балқаш қалалық қаржы бөлімінде бастады (1942-43), 1943-1965 ж. Балқаш мыс зауытында жұмысшы, Балқаш кен-металлургия техникумында оқыды. Қоңырат кенішінде инженер, Балқаш темір жолы бастығы, Балқаш қалалық партия комитетінің хатшысы, Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, «Балқашқұрылыс» тресінің партком хатшысы, 1965 жыддан 1988 жылға дейін 23 жыл қатарынан Балқаш қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1988 жылдан құрметті демалыста. Әбуғалиев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылуына депутат болып сайланған. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Балқаш қаласының құрметті азаматы (1993).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}