Жүніс бай моншасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүніс бай моншасыТараз қаласында 19 ғасырдың соңынан сақталған архитектуралық ескерткіш.


Жалпы аумағы 18х25 шаршы метр. Көлемі әр түрлі 10 бөлмесі сақталған, 11-ші бөлмесі қалпына келтірілген. Аралық дәліздер монша бөлмелерін бір-бірімен жалғастырып тұр. Қабырғаларының қалыңдығы 0,8 метр, биіктігі 2,5 – 3 метр, жалпы үйдің күмбезіне дейінгі биіктігі 4 – 6 метрге дейін жетеді. Әр бөлменің төбесі күйдірілген кірпіштен қаланған күмбездермен жабылған. Күмбездің жоғарғы ұшында үйге жарық түсіретін тік төртбұрышты шағын саңылаулар бар. Бөлмелер ішкі жағынан әсемделе қаланған қуыстармен безендірілген. Моншаны салғызған жергілікті меценат Қали Юнус бай. Кезінде жергілікті тұрғындарға ақысыз қызмет көрсеткен. Монша 1941 жылға дейін пайдаланылып келген.

1986 жылы Жамбылдағы арнайы ғылыми-қалпына келтіру шеберханасы моншаның қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}