Жібек Есекеқызы Бағысова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Жібек Есекеқызы Бағысова (8 қазан 1940 жылы, Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында туған) — қазақстандық және бұрынғы советодағының актрисасы. Қазақстанның халық әртісі. «Парасат ордені»нің иегері.Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жоғарғы санаттағы драма актрисасы. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

Жалпы мәліметтер

Әкесі - Бағысұлы Есеке, Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен. Анасы - Ғабдұлмәжитова Тұрсын-Қабай (1923-2000). Қазақ және орыс тілдерін біледі. Абай атындағы Алматы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жанындағы вокалдық-хор студиясын бітірген (1959), хор әртісі.

Еңбек жолы

Қоғамдық белсенділігі

  • 1975 – 1987 жылдары Қызылорда қаласының қалалық кеңесінің депутаты;
  • ҚазКСР Театр қайраткерлері одағының мүшесі (1963 жылдан);
  • КСРО Театр қайраткерлері одағының мүшесі (1990 жылдан);
  • Қазақстан Республикасы Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.

Марапаттары

  • 1967 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының «Құрмет» Грамотасы;
  • 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» мерекелік медалі;
  • 1975 жылы «Еңбек ардагері» медальі;
  • 1967 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ КСР);
  • 1980 жылы Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР);
  • 1980 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының «Құрмет» Грамотасы;
  • 2001 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты;
  • 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің «Президенттік степендиясы»ның иегері.
  • 2006 жылы Ақмола облысының әкімінің «Құрмет» Грамотасы;
  • 2008 жылы ҚР мәдениет пен өнер саласындағы президенттік степендиясының иегері.
  • 2010 жылы Көкшетау қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.
  • 2011 жылы «Парасат ордені»нің иегері атанды.
  • 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальі;
  • Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің, Ақмола облысының әкімінің, Ақмола облысының мәдениет басқармасының, Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлер одағының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - діндар.

  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жағыпаров Б. (1942 жылы туған), Облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының шаруашылық жөніндегі орынбасары.
  • Ұлдары - Жағыпаров Айбол (1964 жылы туған), Жағыпаров Нұртуған (1966 жылы туған), Жағыпаров Нұрбол (1970 жылы туған), Жағыпаров Нұрлан (1976 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}