Жібек Бектемірова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Жібек Бектемір (1 ақпан 1960 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Үлгілі ауылы) – қазақстандық актриса, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жалпы мәліметтер

Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актер мамандығын бітірген (1978-1982 жылдары) 1982 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.

Шығармашылығы

Театр сахнасында ойнаған рөлдері: М.Мақатаев «Дариға жүрек» – Дариға, Ә.Тауасаров «Аса құрметті Икс» -Сәнәу, О.Сүлейменов «Заман-ақыр»- Мәлике, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бәтіш, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – ханша, Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» -әйел, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Күлтай, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Гауһар, Ә.Әбішев «Мәди» – Ділдәш, А.Ысмайлов «Алдар көсе»- Бізбике, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – мама Луиза, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Башорад, Э.де Филиппо «Цилиндр» – Беттина, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – неке қиюшы, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Марта, Т.Теменов «Карменсита» – сыған әйел, т/б.

Марапаттары

  • 2006 жылы ҚР Мәдениет мистрлігінің "Қазақстанның мәдениет қайраткері" құрметті атағы;
  • 2009 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.
  • 2015 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі;

Жеке өмірі

  • жұбайы: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров.
  • Қыздары - Гүлзира (1983 жылы туған), Гауһар (1989 жылы туған), Іңкәр (1990 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}