Жылқыбек Қошжанұлы Оразов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылқыбек Қошжанұлы Оразов (1946 ж. т., Маңғыстау ауданы Ортаеспе ауылы) – экономист. Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Алматы басқару академиясы) бітірген (1967). 1969 – 73 ж. Ералиев (қазіргі Құрық ауылы) автокөлік мекемесінде инженер, аға экономист, жоспарлау экономикалық бөлімінің бастығы, 1974 – 76 ж. Ералиев (қазіргі Қарақия) аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1976 – 78 ж. Ералиев автокөлік мекемесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1978 – 80 ж. Маңғыстау облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1980 – 87 ж. Мұнайлы аудандық халық бақылау комитетінің төрағасы, 1987 – 2000 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының көмекшісі, «Химремонтскважина» ЖШС-нде бөлім бастығы, бас экономист болды. 2000 жылдан жеке кәсіпкер, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне қарасты конкурстық басқарушы ретінде қызмет етіп келеді. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен, Бүкілодақтық, республикалық жастар одағы комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылқыбек Қошжанұлы Оразов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}