Жыланды зираты (Қарағанды облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жыланды – көне зират орны.

Қарағанды облысы Абай ауданы Нұра өзенінің сол жағасында, Самар елді мекенінен оңтүстікке қарай 7 км жерде орналасқан. 1972 ж. М.Қадырбаев зерттеген.

Зират екі топтан тұрады. Негізгі топта қола дәуірінің 11 қоршауы бар. Оның 8-і қазылған. Айнала тігінен қойылған қақпа тастармен қоршалған жалпақ топырақ үйінділердің диам. 2,8 – 12 м, пішіні дөңгелек және сопақ, биікт. 0,2 – 0,4 м. Бұдан тек биікт. 0,75 м 3-ші қоршау ғана оқшауланады. Ұзынша, тік бұрышты шұңқыр қабірлер батыстан шығысқа бағытталған және үлкен қақпа тастармен жабылған. 2-, 3-қоршаулардың қабірлерінде тас жәшік қаланып шығарылған. Әр қоршауға, негізінен, бірнеше қабір тән. Мүрделер аяқтары бүгілген қалпы бастары батысқа қаратыла бүйіріне жатқызылған. Мүрдені өртеп жерлеу тәсілі де байқалады. Қабірлерден біршама қыш ыдыстар, қола әшекей бұйымдары, қанжар, сүйек құралдар табылды. Қыш ыдыстар пішіні мен ою-өрнегі бойынша 2 түрге бөлінеді. Қыш ыдыстардың 2 түрінің бір зираттан шығуы – зерттелмеген құбылыс. Бұл жағдай Ж. зиратының маңызын арттыра түседі. Негізгі топтық ескерткіштері орта қола кезеңде, яғни б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында тұрғызылған. Ал екінші топтағы зираттар қола дәуірі қоршауларынан оңт.-шығысқа қарай 500 м қашықтықта орналасқан. Ерте темір дәуіріне жататын, тас пен топырақтан үйілген 2 оба тасмола мәдениетінің ерте сатысына жататыны анықталды. Екеуіне де әйелдер жерленген. 1-оба сопақ пішінді, диам. солт-тен оңт-ке қарай 14 м, батыстан шығысқа қарай 17 м, биікт. 0,8 м. 2-оба дөңгелек пішіндес, диам. 9 м, биікт. 0,65 м. Шұңқыр қабірлер солт-тен оңт-ке қарай бағытталған, тереңд. 1 м-ден астам. Мүрделер басы солт-ке қаратыла, шалқасынан жатқызылған. Обалардан табылған алтын сырғалар, қола айна мен асыл тастардан тізілген моншақтар сирек кездесетіндігімен ерекшеленеді. Бұл обалар б.з.б. 7 – 6 ғ-ларға жатады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыланды зираты (Қарағанды облысы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}