Жонрид Абдуллаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жонрид Абдуллаханов Үлгі:Lang-uz - өзбек прозашысы, ақын, драматург және журналист<ref>http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%B1%D0%B4%D1%83%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2,_%D0%94%D0%B6%D0%BE%D0%BD%D1%80%D0%B8%D0%B4&action=edit</ref>. 1929 жылы 13 наурызда Наманган қаласында дүниеге келген.

Өмірбаяны

Әкесі, Мухитдин Абдуллаханов, - Наманган драма театрының негізін қалаушылардың бірі. Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде іс-түссіз жоғалып кеткен. 2008 жылғы Польша Қызыл Крест арқасында оның 1943 жылы наурыз айында советтік әскери тұтқындарға арналған Шталлаг неміс лагерінде қаза болғаны және Бялобжега ауылы маңына жерленгені туралы анықталған.

Анасы - Шахрибану Абдуллаханова, мұғалім. 1943 жылы қайтыс болған.

Алғашқы өлеңдері 12 жасында "Ленин болалари" және "Ударник" Наманган қалалық газеттерінде жарияланған.

Майданнан әкесі мен анасының іс-түссіз жоғалғаны жайлы хабар алған соң, 14 жасар бала Ташкентке жаяу жол тартады. Ташкентке жетіп, Өзбек республикалық радиосында "Пионер эрталиги" бағдарламасының дикторы болып қызмет жасайды.

1949 жылы көптеген өлеңдердің және "Алексей Пешков" пьесасының авторы ретінде байқаудан тыс Ортаазиялық Мемлекеттік университетінің (САГУ, кейіннен Ленин атындағы ТашГУ, қазіргі Өзбекстанның Ұлттық университеті жаңадан құрылған журналистика факультетіне қабылданып, 1954 жылы тәмамдап шығады. Кейіннен ұзақ жылдар бойы Өзбек радио мен телевидениясында және Өзбекстан Жазушылар одағының аппаратында әдеби хабарларды тарату бөлімінде бас редактор, сондай-ақ Өзбек ССР-нің Мәдениет министрлігінде бас маман болып қызмет атқарады.

1976-1982 жылдар аралығында КСРО Әдеби қорының (Литфонд КСРО) Өзбек бөлімшесінің директоры болады.

1956 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, 1991 жылдан бастап Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі.

1964 жылы оның сценарийі бойынша КСРО-да бірінші рет "Азизахон" телевизиялық фильмі (режиссері - М.Мухамедов) түсірілген. Бүкілодақтық конкурстың лауреаты және "Ураган" романы үшін КСРО Жазушылар одағының ең үздік туынды сыйлығының лауреаты атанады.

"Мехнат Шухрати" орденінің кавалері.

Үйленген, екі ұлы және немерелері бар. Ташкентте тұрады. Ол - көптеген романның, өлеңдер жинағының, түрлі әңгімелердің және прозалардың авторы.

Библиография

  • «Йул» романы — Ташкент,1964,
  • «Дорога» романы (аударған М. Мирзамухамедов) -1967 жыл
  • «Мохидил» романы - 1967 жыл.
  • «Туфон» романы - Ташкент, 1968 жыл.
  • «Ураган»романы (аударған Ю.Смирнова) — Мәскеу,1975

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}