Жолбарыс би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолбарыс би Жылқайдарұлы (1671 – 1761ж.ж) – би, батыр. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының күшік тармағынан шыққан. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан. Кейін қазақ жері жаудан тазартылған соң, босқын елді атамекеніне қайтаруға да үлес қосқан. Ел аузындағы аңыздарда, Жолбарыс би денесіне жау қаруын дарытпаған батыр, әрі ертеңгі күнді болжай алатын сәуегей, қара қылды қақ жарған би ретінде сипатталады. Бейіті Алматы облысы Үштөбе қалсына жақын Кәлпе ауылының күншығыс жағындағы үлкен қорымда. 1996 жылы бидің ұрпақтары онда үлкен кесене тұрғызып, құлпытас орнатты. Журналист-жазушы О.Исмайылұлының “Шұбар ата”, “Жолбарыс” атты кітаптарында, Қ.Қарамановтың “Қаратал – күндіз күміс, түнде алтын” кітабында Жолбарыс би туралы деректер бар.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жолбарыс би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}