Жойымпаздық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жойымпаздық – жеке адам немесе адамдар тобы бойындағы айналасында бұрын жасалған нәрсені жоюға құштарлық сезім, бар нәрсені қиратуға бағытталған әрекет. Жойымпаздық адамдардың өзіне деген көзқарасынан басталады. Өзін аямаған басқаны да аямайды. Мұндай сезім тұлғаның жасампаздық күш-қуаты тежелген жағдайда, мәдениеттілік пен әдептілік құндылықтарын таяз меңгерген адам бойында ерекше өрістейді. Демек Жойымпаздық өз мүмкіншілігін жүзеге асыра алмаған адам бойындағы өшпенділіктен туындайды. Әлеуметтік Жойымпаздық, әсіресе, төңкерісшіл идеялармен тікелей байланысты. Кез келген төңкерісте қиратушылық әрекеттер жасампаздықтан басым келеді. Жойымпаздық сезімін туындатпау үшін жеке адамның шығармашыл, жасампаздық күштеріне ерік беру қажет. Сондай-ақ, қоғамда пайдакүнемдік немесе адамнан гөрі құрал-жабдыққа басымдық беру принципі шегінен шыққан жағдайда (табысқа жету үшін құрал таңдамау, адамгершілікті пайдакүнемдікке бағындыру, т.б.) мұндай қоғам мүшелері арасында өшпенділік, қиратушылық сезіміне бой алдыруға бейім адамдар саны көбейе түседі.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жойымпаздық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}