Жобалай би кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жобалай бидің кесенесіЖобалай Бәйсейітұлына тұрғызылған, Көктал ауылының батысынан 10 шақырымда. Кесенеге тапсырыс берген және салған шебер белгісіз. Кесене 1989 ж. зерттелген. Дөңгелек түрінде өзекті үлгімен тұрғызылған, кесененің негізі біртіндеп күмбезбен жалғасқан. Аласа етіп, батыс жаққа бағытталған кірер есік тас тақтамен көмкерілген. Бір метрге жуық биіктетіп, бұрыш пен өзек ретінде жасалған тесіктер бар. Қабір қазылған жердің орны байқалмайды. Күмбезге шикі кірпіш пен лай ерітіндісі пайдаланылған. Күмбездің көлемдік мөлшері: биіктігі 3,3, негізінің қимасы 5,0, қабырғаларының қалыңдығы 0,5 метр, жалпы көлемі 46 текше метр. <ref>Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының «Аягөз» энциклопедиясы.1 том.«Көркем» баспасы, Алматы -2010 жыл</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер