Жеті жарғы баспасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

'“Жеті жарғы” — негізінен, заң жинақтары мен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға маманданған республикалық баспа. 1994 ж. ҚР Әділет министрлігінің “Заң әдебиеті” баспасы болып құрылған. 1998 ж. “Жеті жарғы” жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан Республикасының заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру, сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп шығарумен айналысады. “Қазақстан Республикасының заңы”, “Қазақстан Республикасының кодексі”, “Нормативтік-құқықтық актілер жинағы”, “Оқулық”, “Оқу құралы”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл”, т.б. кітаптар сериясын тұрақты шығарып келеді. Баспа студенттер үшін салық, қаржы, сақтандыру, әкімшілік, конституциялық, қылмыстық, халықаралық құқық, саясаттану, мемлекет және құқық негіздері мен теориясы бойынша көптеген кітаптар шығарды. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заң актілерін қазақ және орыс тілдерінде бір мұқабада кітап етіп шығарады. Академик Салық Зимановтың басқаруымен 10 томдық “Қазақтың Ата заңдары” кітабын шығару ісі қолға алынды. “Жеті жарғы” баспасы құрылғаннан бергі 7 жыл ішінде (1994 — 2001) қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, ағылшын тілдерінде 661 заң әдебиеттерін шығарса, соның 374-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеті жарғы баспасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}