Жезқазған қазақ музыкалық драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған қазақ музыкалық драма театры, С.Қожамқұлов атындандағы, Торғай облыстық қазақ музыкалық драма театры деген атаумен 1972 жылы бұрынғы Торғай облысының орталығы Арқалық қаласында құрылды. Оның іргетасын Мәскеудің Жоғары театр училищесінің актерлік факультетін және Алматы өнер институтын (қазір Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген жастар қалады. Театр шымылдығы 1972 жылдың желтоқсан айында М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” комедиясымен ашылды. Театр труппасына реж. Ж.Есенбеков жетекшілік етті. 1974 жылы театр труппасына Қазақстанның халық артісі З.Сүлейменов, актер Ә.Теңелбаев келіп қосылды. Театр құрамында Ш.Есенғұлова мен М.Манапов, т.б. жемісті еңбек етті. 1981 жылы театрға С.Қожамқұлов есімі берілді. 1988 жылы театр Жезқазған қаласына қоныс аударды. Театр аз жылда Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш”, Б.Майлиннің “Шұға”, У.Гаджибековтің “Аршын мал алан”, М.Кәрімнің “Тастама отты, Прометей!”, Н.Островскийдің “Құрыш қалай шынықты?” (Қазақстан комсомолы сыйлығы, 1978; режисер Тәпенов), О.Бөкеевтің “Құлыным менің”, т.б. секілді күрделі шығармаларын сахналап, көрермендер ықыласына бөленді. Бүгінгі күнге дейін театр сахнасында дүние жүзі мен ТМД елдерінің, сондай-ақ, ұлттық драматургиямыздың 200-ден астам таңдаулы туындылары қойылды. Олардың арасында Ж.Б. Мольердің “Әлін білмеген әлек”, У.Шекспирдің “Ромео — Джульетта”, М.Әуезовтің “Таңғы жаңғырық”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Қарагөз”, Ғ.Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, Ш.Хұсайыновтың “Алдаркөсе”, Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер”, Ш.Мұртазаның “Сталинге хат”, Т.Ахтановтың “Күшік күйеу”, Қ.Мұхаметжановтың “Жат елде”, Д.Исабековтің “Әпке”, Ә.Тәжібаевтың “Көтерілген күмбез”, Ш.Айтматовтың “Арманым, Әселім”, М.Байджиевтің “Жекпе-жек”, С.Асылбековтің “Желтоқсан жаңғырығы”, т.б. көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған, өзгеше өрнек, көркемдік шешімін тапқан шығармалар болды. Режисер Ж.Хаджиев сахналаған қойылымдар театр ұжымының ғана емес, отандық театр өнерінің табысы ретінде бағаланды. Олардың ішінде “Қыз Жібектегі” Бекежанды бұрынғы қойылымдардан өзгеше бейнелеген А.Исмағұловқа 1989 жылы Бішкекте өткен Орталық Азия республикалары театрларының аймақтық фестивалінде бас жүлде берілді. Мүсіреповтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық театр байқауында “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” қойылымы бас жүлдеге ие болды. Абайдың 150 жылдығына орай өткен респ. театрлар фестиваліндегі “Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым” қойылымындағы рөлі үшін актер С.Бұлғақбаев бас жүлдеге ие болды. Халық артісі Д.Жанботаев (Жиренше) “ерлер образын” үздік сомдағаны үшін арнаулы жүлде алды. Бішкекте өткен “Ш.Айтматов және театр” халықаралық театрлар фестивалінде Хаджиев қойған “Арманым, Әселім” спектаклінде басты рөлде ойнаған Қ.Бегайдаровқа “ерлер образын үздік сомдағаны үшін”, қойылымның музыкасын жазған театрдың музыка бөлімінің меңгерушісі, композитор М.Түсіпбековке “ең үздік музыкасы үшін” арнайы жүлделері берілді. Театр ұжымы Алматы қаласында төрт рет (1974, 1987, 1992, 1995) шығармашылық есеп берді. Театрдың кәсіби тұрғыдан өсіп, дамуына белгілі реж. Қ.Жетпісбаев (1974 — 75), Е.Тәпенов (1976 — 79), Ж.Есенбеков (1972 — 82), Хаджиев (1982 — 88), А.Дүйсебаев, Е.Дүйсенбинов, М.Бекхожин, С.Қарабалин, М.Ахманов елеулі үлес қосты. Театрда қазір 1 — халық арт., 3 — Қазақстанға еңб. сің. арт., 1 — Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері, 1 — “Ерен ерлігі үшін” медалінің иегері еңбек етеді. ұ. Жандыбаев <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған қазақ музыкалық драма театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}