Жезқазған кен орнында руда генезисін шешу проблемасына байланысты Жезқазған свитасын литологиялық тұрғыдан тексеру (монография)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған кен орнында руда генезисін шешу проблемасына байланысты Жезқазған свитасын литологиялық тұрғыдан тексеру - 1964 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Ғылым Академиясының баспасынан орыс тілінде жарық көрген монография, көлемі 25,5 баспа табақ. Монографияда 2 карта, 82 кесте, 110 сурет, сызба берілген. Авторы - П.Т.Тәжібаева. Кітаптың алғашқы бетінде қымбатты ұстазым Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесіне арналады делінген. Кіріспеден, 23 тараудан, әдебиеттер тізімінен тұратын кітапта автордың 1952-61 жылы Жезқазған - Ұлытау ауданын жоғары палеозой қалдық кешенінде жүргізген литология-петрография зерттеулерінің нәтижесі көрсетілген.

Бұл аудан Кеңес Одағындағы мыс және басқа түсті металдар кен орындарының бай өлкесі болып табылады. Орталық Қазақстанның 30 ауданының 8 мыңнан аса тас кесектерін сұрыптап, зерттеу барысында кен орындарының құрылымдық ерекшеліктері анықталған. Әсіресе Жезқазған кені свитасына ерекше көңіл бөлінген. Жұмыстың орындалуына академик Қаныш Сәтбаев үлкен көмек көрсеткен. Кітап геологтарға, минерологтарға, петрографтарға және геохимиктерге арналған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған кен орнында руда генезисін шешу проблемасына байланысты Жезқазған свитасын литологиялық тұрғыдан тексеру (монография)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}