Жақыпбек Алтайұлы Алтаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақыпбек Алтаев (21.4.1948, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы) – философия ғылымының докторы (1997), проф. (1998). Ташкент мемлекеттік университетiнiң философия және экономика факультетiн бiтiрген (1972). 1972–1976 ж. Шымкент педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы. 1980–1985 ж. Қазақ көлiк және коммуникация академиясы (бұрынғы Алматы транспорт және көлік инженерлері институты) философия кафедрасының аға оқытушысы, доцент. 1985 жылы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетiнде философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының меңгерушiсi болды. «Қазақ философиясының қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алтаев қазақ философиясы, мәдениет тарихы мен теориясы мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. 50-ден астам ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 оқулық, бес оқу құралы жарық көрген. Студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға «философиялық антропология», «құқық философиясы», «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұралары», «Ислам философиясы», «мәдениет тарихы мен теориясы» атты арнайы курстар жүргiзiп келедi. 1993 жылы Иран Ислам Республикасының Тегеран университетінде халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Шығармашылығы

Қазақ философиясының тарихына кіріспе, А., 1994; Қазақ даласының ойшылдары IX - XII ғғ., (телавтор), А., 1995; Қазақ философиясы, А., 1996; Философия және мәдениеттану, А., 1998; Қазақ халқының рухани мұралары, А., 1998; Философия тарихы, А., 1998; Основы философии, А., 2001; Философия, оқулық, А., 2004.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Ішкі сілтеме

Әл-Фараби

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

"Қазақ энциклопедиясы" <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}