Жақсылық Бекқожаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақсылық Бекқожаев – (1930 жылы Қызылорда облысы2006 жылы Қызылорда қала) тележурналист, БАҚ саласының топ-менеджері. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған (1955-63). Кеңес, партия саласында қызметтер атқарып (1963-90), Қызылорда облысы телерадио комитетін басқарды (1991). Телеарнаның облыстағы тұңғыш басшысы.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Қызылорда облыстық телеарнасының ашылуына көп еңбек сіңірген тұлғалы азамат, білікті басшы. Үлкен ұжымға басшылық жасай жүріп, шығармашылықты серік еткен қаламгер. Қыз бен дала, Сыр сұлуы, Жадыра деректі фильмдері республикалық телеарнаның алтын қорынан орын алды. Халықтар Достығы орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО Теледидары мен радиосының үздігі, КСРО-ның Құрметті радисі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}