Жақсыбек Құрманбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Жақсыбек Құрманбеов (1 қаңтар, 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2000). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1975 жылдан).

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»-Қолбасшы, Қ.Ысқақ « Апа-апатай» – Шал, Қ.Жетпісбаев « Алтыатар» -Доғал, М.Хасенов «Қайсар» – шахтер, «Пай пай, жас жұбайлар ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Әке мен бала» -Хулиган, М.Әуезов «Алуа» – Ораз, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» , «Ақан сері – Ақтоқты» – Жылкелді, О.Бөкей «Жау тылындағы бала» – Жомарт, «Қар қызы» – жендеттер, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – 1-ші Чекис, Т.Минниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Ғалым, «Алау жалды арғымақ» -Данко, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – етікші шал, М.Әуезов «Ай Қарагөз» – Жабай, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Кроссворд шешкіш, Т.Ахтанов «АНТ» – Сейітқұл және т.б көптеген бейнелерді жасады.

Мемлекеттік марапаттары

  • 2000 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің "Қазақстанның мәдениет қайраткері" құрметті белгісімен марапатталды.
  • 2009 жылы "Ерен Еңбегі үшін" мемелекеттік медалімен марапатталған.