Жақсыбай Жантөбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақсыбай Жантөбетұлы (1888 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Абай ауылы — 21.9.1958, сонда) — айтыс ақыны.

1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Ақындардың республикалық слетіне (1938, 1939), Абай Құнанбаевтың (1945), Жамбыл Жабаевтың (1946) 100 жылдық мүшел тойларындағы айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған.

Шығармашылығы

Оның “Атыңнан, атам қазақ, айналайын” деген патриоттық толғауы майдан газетінде (“Отанды қорғауға”, 1944, №38) басылып, жауынгерлер арасында кең тараған. Халық ақындары Қ.Баймағанбетов, Қ.Терібаев, Н.Баймұратов, Қ.Елеуовпен, т.б. айтыстары, қырғыздың атақты жыршысы Османқұлмен хат арқылы айтысы (1951) — көркемдігі жағынан құнды шығармалар. Жақсыбай өлеңдерінің негізгі тақырыбы — еңбек адамдары, майдан мен тылдағы ерлік істер. Ақынның көптеген өлең-жыр, толғауларынан басқа

  • “Түрксіб” (1931),
  • “Назым қыз” (1939),
  • “Мәлік батыр” (1944),
  • “Жамбыл” (1950) атты дастандары бар.

Өлеңдері мерзімді баспасөзде, жинақтарда

  • “Ақын жырлары,” 1956;
  • “Пернедегі термелер”, 1965;
  • “Ақын-жыраулар”, 1979) басылды.

1985 жылы “Өмірімнің өрнегі” деген атпен жеке жыр жинағы жарық көрді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}