Жақия Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақия Ахметов (1913-1974), заң қызметкері. Жанаарқаның түлегі. 1937 ж. Қарағанды облыстық комсомол комитетінде қаржы бөлімін басқарған. 1940 ж. Қарағанды облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық прокурорға көмекші, кейіннен тергеуші прокурор болып бекітілді. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқан. Мәскеуде арнаулы заң курсынан өткеннен кейін 1946 жылға дейін әскери бөлімшелерде әскери прокурор қызметін атқарды. Осы жылы елге оралып, Қарағанды, Атбасар жол торабы бөлімшесінде прокурор болды. 1962-1974 ж. ҚазақКСР Жоғарғы соты төрағасының орынбасары қызметін үздіксіз 12 жыл бойы абыроймен атқарды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}