Жая

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаяұлттық тағам. Жылқының қалың сауыр еті. 10 см қалыңдықта сүйегінен ажыратылып, сылынып алынады. Жаяны тілімдегенде оның сыртқы майлы қыртысының барлық тілімдерге бірдей тегіс бөлінуі көзделеді. Содан соң Жаяның еті ұсақ тұзбен тұздалады да, шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне ащы тұздық құйылады. 2 — 3 күннен соң ыдыстан алынып, тор немесе ши үстіне жайып кептіреді. 1 кг Жаяны тұздау үшін шамамен 25 г тұз керек. Жаяны сүрлеуге, қақтап кептіруге, ыстауға да болады. Оны пісіру үшін қазанға құйылған су қанжылым болғанда Жая салынып асылады. Піскен Жая қиялап туралады. Дастарқанға әкелерде бетіне ұсақтап туралған көк жуа себіледі немесе дөңгелектеп туралған пияз салынады. Жая дастарқанға ыстық күйінде де, салқын күйінде де қойылады. Мұндай тағамдардың құрамына көкөніс, т.б. дәмдеуіштер қосса, олар витаминдердің, минералды тұздардың бірден-бір көзі болып табылады. Соғым еті таусыла бастағанда қонақтарға Жаяны жамбас, қазы орнына береді. Егер табақ туралып келетін болса, төс ет пен Жаяның еті біркелкі жапырақталып табақтың бетіне қойылады.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Жая

Сауырдың малы еті. Оны қасапшылар етті мүшелеген кезде санның сыртынан (жамбасқа да ет қалдыра отырып) салып алады. Семіз жылқыда жая бір май, бір ет болып тұрады. Оны жастай асуға да, кептіріп-сүрлеп алуға да, болады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.

Дереккөздер</span>

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жая|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}