Жау бүйрек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жау бүйрек - ұлттық тағамның бір түрі. Жау бүйректі малшылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сыпырған соң майын білемдеп кесіп алады. Ішін жарып, өкпе- бауырын суырып алып бауыр мен құйрықты жұқалап жапырақтап, істікке бір май, бір бауыр етіп кезектеп шаншып, үстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтап пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жау бүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптің бір түрі деуге болады. Жау бүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, жуа, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады.<ref>Дәстүріңді сақтай біл. М. Рүстемов. Шымкент қ, облыстық баспахана. 1993ж. Үшінші кітап.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер