Жауғашты Нысанбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жауғашты Нысанбайұлы (1941 жылы туған, Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылы) – педагог, ҚР Журналистер одағының мүшесі (1990). Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1965). 1965 – 78 жылдары Прорва мұнай өндірісіндегі мектепте мұғалім, 1978 – 2002 жылдары Бейнеу ауданы оқу бөлімі жанындағы методикалық кабинетте әдіскер, кабинет меңгерушісі, Абай атындағы мектепте директор, аудан білім бөлімінің бастығы, «Рауан» газетінің редакторы, аудандық мектепаралық-өндірістік комбинатының директоры, Бейнеуде алғаш ашылған мектеп-лицейінің, өлкетану мұражайының директоры болды. 2003 жылдан облыстық «Маңғыстау» газетінің Бейнеу ауданы бойынша меншікті тілшісі. «Бейнеуім жырдың бесігі», «Сағындым, ана, өзіңді», «Ұста Қайшыбай Боқанұлы» кітаптарының авторы. ҚР Білім және ғылым минситрінің Құрмет грамотасының (1999) иегері.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жауғашты Нысанбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}