Жатын бөлме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Spalnya.jpg
Жатын бөлме

Жатын бөлме (Спальня) - пәтердің көлеміне және отбасы құрамына байланысты тек ұйықтауға арналған бөлме, балалар жатын бөлмесі және жұмыс істейтін әрі ұйықтайтын бөлмелерге бөлінеді. Жатын бөлмедегі негізгі жиһаздаркереуеттер мен киім-кешек шкафы. Мебельдерді орналастыру кезінде қысы аязды келетін аймақтарда төсектерді бөлменің қабырғаларына жақын қоюға болмайды. Бөлмелері шағын пәтерлерде екі кісілік төсекті бөлме Жатын бөлмедегі қабырғаға орнатылган стол құрылысы қабырғасына көлденең орналастырған ыңғайлы. Жатын бөлмені жабдықтау кезінде ваннамен жалғасқан аралық қабырға бойына киім-кешек шкафы орналасса, сырттан келетін дыбысқа біршама тосқауыл болады. Жатын бөлмені осындай тәртіппен жабдықтаудың орынды, тиімді, пайдалануда атқаратын ролі зор. Мебельді орналастырғанда төсек пен шкафтың ара қашықтығы кемінде 70—75 см болуға тиіс, өйткені шкафтың есігі ашық қалса да, төсекке қарай оңай өтуге болады. Төсектің бас жағына ұсақ-түйек заттар салатын тумбалар қойылады. Ал айнамен қатар қойылған тумбаның бірі сәндену столы ретінде пайдаланылады, бұл тумбаны терезеге жақын орналастыру керек. Орын жетпеген жағдайда тумбаларды шағын аспалы шкафтармен алмастыруға болады. Жатын бөлмеге арналып жасалған мебель гарнитуры ыңғайлы келеді, ондағы төсектердің бас жағына тұтас етіп құрастырылған сыйымдылығы әр түрлі комплектілер (тумба, кітап сәресі, шырағдан, сәндену столы, төсек-орын бұйымдарына арналған қораптар) орнатылған. Жатын бөлмеге арналған «Әлия» мебелі. Орын жеткілікті болса, жатын бөлмеге кресло немесе тербелме-кресло және торшер қояды, мұның өзі басқа бөлмелерден оқшау, әрі тыныш демалуға мүмкіндік береді. Балалар бөлмесінде бала 3—4 жасқа дейін ата-анасымен бірге болады. Нәрестеге арналған бұрыш мүмкіндігінше күн сәулесі мол түсетін әрі тез желдетіп алатындай, терезеге жақын болғаны жөн. Мұнда бала кереуетін, манежін қою керек, 3 жастан асқан балалар үшін ойыншықтар мен кітаптар қоятын ашық сөрелі шкаф, кішкене стол немесе балаларға арналған секретер қоюға болады. Қандай жағдайда да балалар бөлмесінде баланың еркін ойнауы үшін бос орын қалдырылуы тиіс, өйткені жас бала өзінің уақытын көбінесе осы жерде өткізеді. Көп жағдайда жатын бөлмені жұмыс орны ретінде де пайдаланады. Алайда көлемі 10-12 м2 болатын бөлмелен жұмыс столына жеке орын бөлу қиынға түседі. Мұндай жағдайда терезе алдына жанастырып қолдан жасалған жанамалы стол орнатады. Стол терезе жақтауы деңгейімен шамалас (биіктігі 71 —75 см) болуға тиіс. Оны ұзыннан-ұзақ енсіздеу етіп жасауға да болады. Оның бір жағы қабырғаға бекітілген темір тіреуішке, ал екінші жағы — кітаптарға, оқу-жазу құралдарына т. б. арналған қораптың басына бекітіледі. Мұндай столдың ені 40—50 См-ден аспауы тиіс, бөлмейін бұрышына тақау тұсы жалпақтау болуы мүмкін, мұның өзі жазу және сызу үшін қолайла жағдай туғызады. Сонымен бірге басқа да мақсат үшін — үтіктеу, тігу, тоқу т. б. пайдаланылуы мүмкін. Егер терезе алдында жылу радиаторы немесе конвектор орнатылса, онда жылы ауа үшін столдың қақпағын тесіп, міндетті түрде саңылау жасау қажет. Жатын бөлмеге сән беретін негізгі бұйымдар перделер, шымылдықтар, кілемдер болып табылады. Терезе перделері мен төсек жапқыштарды біркелкі маталардан жасау бөлмеге тұтас бір әсемдік көрік береді. Бөлменің қабырғаларын қаптау үшін түрлі маталарды қолдануға болады, оларды қабырғаға ағаш рамалардың немесе рейкалардың көмегімен кейде желім арқылы бекітеді.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жатын бөлме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}