Жасанды тістер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жасанды тістер . Медицина ғылымының ерте заманғы жаңалықтарының бірі екендігін археологиялық қазба жұмыстарынан білеміз. Алғашқы жасанды тістер ағаштың кейбір қатты түрлерінен, өгіз, піл сүйектерінен жасалған. Осы күнгі ең әдемі де берік материал — фарфор. Оның эстетикалық қасиеті жоғары әрі гигиеналық талғамға сай. Соңғы жылдары пластмассадан істелген тістер арзандығымен және жасалу жолының ыңғайлылығымен көп қолданылады. Сондай-ақ тот баспайтын болат, алтын қорытпасынан және металды керамикалық тістер әдемілігімен және беріктігімен ерекшеленеді. <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Medsci-stub