Жарып өту қысымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарып өту қысымы. Сумен қаныққан қақпақ рөлін атқаратын тау жынысытардағы ірі кеуектерге тиесілі капиллярлық күш пен сол қақпақ өңіріне жынауыьи тау жынысытан келіп жеткен мұнай немесе газ массаларының су тамшыларын кеуектерден ығыстырып шығару күшінің арасындағы айырмамен өлшенетін қысым. Қақпақты Ж.Ө.Қ. неғұрлым жоғары болған сайын оның мұнай мен газ жатынын қалқалау мүмкіндігі де солғұрлым жоғары болады, яғни аталған кақпақ көмірсутек жатынынан туындайтын артынды қысымның мейілінше мол мөлшеріне төтеп беруге қабілетті. Ж.Ө.Қ.-ның мөлшерін іс-тәжрибеде анықтау мақсатында кеуектері сумен қаныққан цилиндр пішінді тау жынысы үлгісі алынады да, ондағы су массасы қысымы бірте-бірте артып отыратын газ массасымен ығыстырылады. Газдың суды ығыстырып шығару, яғни газдың үлгіні (қақпақты) жарып өту сәті үлгінің қарсы жақ беткейіңде газ көпіршікгерінің пайда болу сәтімен анықталады. Ж.Ө.Қ. төмеңдегі формула көмегімен анықталады: р = 6/(lg).(pt/M)1/2; мұндағы: р — Ж.Ө.Қ., яғни үлгінің қарсы жақ беткейінде газ көпіршіктерінің пайда болуы сәтіндегі қысым; б — газ-су жапсарындағы беткейлік тартылыс мөлшері; l - үлгінің ұзындығы; g — кеуек пішіндерінің коэффиценті (g=1,4); м - судың түтқырлығьг, t - кадағалау уақыты. Қақпақты Ж.Ө.Қ. кең аралықта өзгереді, ол 10 МПа мөлшеріне жетуі, тіпті одан да жоғары болуы ықтимал.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}