Жаркент мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаркент мешіті — 1892 — 1995 жылы Жаркент қаласында салынған ескерткіш. Сәулетшісі Хон-Пик. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы 28x54 м, биіктігі 14,5 м, мұнарасының биіктігі 19 м. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруда әрі әсемдік көрік беруде мәні зор (әрбір бағананы кендірмен орап, сылап, қызыл жосамен сырлап, сыртын лактаған). Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. Жаркент мешітінің пештағы ерекше көз тартады. Мұндағы ғанышқа түсірілген нақышты араб жазуының өзі әсем өрнек міндетін атқарған. Мешіт ауласының солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе орналасқан. Кешен биіктігі 2,3 м тас қоршаумен қоршалған. Оңтүстік және солтүстік қапталында үлкен қақпасы бар.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Толығырақ

«Жаркент мешіті» - ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 1892 жылдан 1895 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және басты кіру порталы салынды. Екінші кезеңде 1903 жылдан 1905 жылдар аралығында медресе ғимараты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инжинер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер, бірді-бір тұтқалар (скобы) қолданылмады. Бағандар тастарға отырғызылған, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген. Кешеннің тағы бір негізгі бір бөлшегі болып, мешіт-мұнарасы салынған басты кіру-порталы болып табылады. Оның жазулары трафаретсіз қылқаламмен жазылған.

Қақпаларын бұқар Зәйнутдин Әмір Темір заманына сәйкестендіріп салған. Кешен қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Көлемі 1,12 га жерді алып жатыр. Кешеннің сәулеттік-жоспар шешімі Шығыс Түркістан мұсылмандарының мәдени құрылысына тән келетін мешіттің түріне жатады. Ансамбль Қытай және Орта Азияның сәулеттік бөлшектеріне сәйкестендіріп жүргізілген. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру-порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар. Мешіт ғимараты кешен композициясының негізгі элементі болып табылады. Ауланың ортасында орналасқан /55х29м/ биік емес кірпіш және ағаштар қатарымен қоршалынған. Ғимарат сүйеніштері 68 ағаш бағандардан тұрады. Ғимараттың ішкі сәулетінде қытай сәулетінің элементтері қолданылған: төбесіне және ғимаратты айнала биіктігі 3,6м, диаметрі 0,3м болатын 52 қатар орнатылған. Бөлменің ішкі көрінісін ұйғырдың халық шебері Хасен Пулат безендірген және Орта Азия сәулетін пайдаланған. Ішкі қабырғалары гипспен сыланған. Басты кіру-порталы шығысқа қаратылған және биіктігі 12,3м Орта Азия сәулетімен жасалынған. Негізгі құрылымы мен мінездемесі Самарқандағы Шир-Дор медресесін еске түсіреді. Орталық бөлігі арка түрінде 2,4м жуандықта салынған. Арканың артқы қабырғасында мерекелік екіжақты ашылатын есігі бар. Ауланың бет жағында 3 күмбезді көлеммен жоғарылатылған мешіт – мұнарасы көрінеді.

Медресе көптеген бөлмелерден тұрады. Қабырғалары саманнан, ал іргелері күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Ғимараттың биіктігі 3,7м. Едендері ағаш тақталы және құмдалған. Дұға оқитын үйдің алдыңғы бөлігі кішкене ашық алаңқайдан тұрады. Аулағына ауданы 20 ш.м. болатын қосалқы бөлмелер келіп қосылады. Біріншісінің ауданы 60,5 ш., екіншісінікі – 165,6 ш.м. Екі бөлмелер де терезе ойықтарымен жарықтандырылған. Қабырғалары саманнан жасалынған, қалыңдығы 60 см, іргесі күйдірілген кірпіштен тұғызылған. Ғимарат екі қабатты қатармен төбеленген. Монументалды кіру қақпалары күйдірілген кірпіштен, оңтүстік және солтүстік жақтан тұрғызылған. Қақпа биіктігі – 4,6 м, төбесі екі қатарлы жабылған. Қоршаудың іргесі күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Аралықтары құммен сыланып, толтырылған. Жаркентте орналасқан Уәлибай мешіті қытайлық және Орта Азия сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған ескерткіш. 1892-1895 жылдары Қытай сәулетшісі Хон Пик Жаркент қаласында салған. Ол – теңдесі жоқ архитектуралық ескерткіш. Құрылыс композициясының кіндігі – ортадан салынған мешіт құрылысы. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы – 28х54 метр, биіктігі - 14,5 метр , мұнарасының биіктігі 19 метр. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Негізгі құрылыс материалы – ағаш, 122 ағаш бөрене бір-біріне шегесіз қырлана қондырылған. Антаблименті ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруды, әрі әсемдік көрік беруде мәні зор (әрбір бағананы кендірмен орап, сылап, қызыл жосамен сырлап, сыртын лактаған). Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. Мұндағы ғанышқа түсірілген нақышты араб жазуының өзі әсем өрнек міндетін атқарған. 1910 жылы көптеген шығын әкелген жер сілкінісі кезінде Жаркент пен Верныйдағы мешіт пен шіркеу сол қалпында аман қалды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub