Жанұзақ Аязбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанұзақ Аязбеков (10.2. 1954 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылы) - журналист, әдебиетші. Қостанай облыстық «Қостанай Таңы» газетінің Директор-Бас редакторы.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.

Әкесі – Айтбаев Аязбек (1917 - 2003), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы қызметкері болған. Анасы - Әлшерова Сара (1920- 1985), бөлімше бригадирі, ауыл шаруашылығы қызметкері болған.


  • Бөлтірік шешен ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті (1972),
  • С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша,
  • Алматы Жоғары партия мектебі, журналистика бөлімін (1984) журналист-саясаткер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1977 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ЖОО жолдамасымен Қостанай облысына журналистік қызметке жіберілді.
  • Ол алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде қатардағы редактор болып жұмыс істеді (1977).
  • Одан соң жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары (1981),
  • Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1984) қызметтерін атқарды.
  • 1988 жылдан Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы,
  • 1989 жылдан Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының («Қазақстан») «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі,
  • 1995 жылдан Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, осы компания құрылымындағы «Заман» телеарнасының директоры Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары - Бас редакторы болып қызмет істеді.
  • 2014 жылдан Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директор – Бас редакторы.
  • «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басқа да бірқатар мерзімдік басылымдарда әдеби-сын, көсемсөз материалдары жарық көрген. «Ағайынның арасы» (2014) жарық көрген, кітабы, «Періште қыз » әні сөзінің авторы.
  • Ж. Аязбеков Мәскеуде өткен 4 Евразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» авторлық бағдарламасымен қатысқан (2001 ж).
  • «Қазақстан» РТРК телебайқауында «Апта» ақпаратты сараптау бағдарламасымен республикада 1 орынға ие болған (2002 ж.),
  • облыс әкімінің «Облыстық ең үздік репортері» атты арнайы сыйлығының жүлдегері (1999 ж.).
  • Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің (2000 ж.)
  • Қазақстан журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған.


  • 2007-2008 жылдары Ж. Аязбековтың «Замана» телебағдарламасы көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. Автор осы бағдарламасы үшін 2008 жылы Қостанай облыстық Меценаттар Клубының «Қазына» сыйлығын жеңіп алды.
  • Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» белгісімен марапатталды.
  • 2009 жылы Қазақстан Журналистер Одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісіне ие болды.
  • «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы», «Қазақстан мәлихатына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
  • Әскери атағы - запастағы майор.
  • Үйленген. Жұбайы – Аязбекова Бақыт Аманкелдіқызы, бала тәрбиешісі, зейнеткер

Ұлы – Аязбеков Дәурен - полиция майоры, ұлы – Аязбеков Еркін - телевизия режиссері, қызы – Аязбекова Әсел – PR (Public Relations) маманы. Немерелері – Айзат, Айқын, Дастан, Аяжан,Мәди, Милена.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}