Жантас кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жантас кесенесі — ХХ Ғ. 20-шы жылдары. архитектуралық ескерткіш Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 107 шақырым жерде орналасқан. (азимут 68°).

Географиялық координаттары: 45°12′43,5"с.е.
66°47′49,7"ш.б.

Ескерткіш Телекөл көлінің маңайында орналасқан өлшемдері кішігірім кесенелер тобына жатады (Құлбаба, Айғыржал және т.б.).

Ескерткіш тік бұрышты қам кесектерден және күйдірілген кірпіштерден (7×14×26 см, 10 қатар+10 жым=0,82 м) тұрғызылған. Жоспарындағы сақталған аумақтық өлмешдері-5,70×5,70 м, биіктігі-2,20 м. Қазіргі уақытта кесене қатты қираған: күмбезі толығымен құлаған, тек кіреберіс ойығының кескінің жоғалтқан негізгі қасбеттің қабырғасы мен корпусының шығыс бұрышы ғана сақталған.

Кесене сипаты

Кесене бір камералы, жоспарында шаршы пішінді болып келген негізі күмбез асты барабаны жоқ күмбезбен жабылған. Маңайдағы монументалды кесенелерден айырмашылығы сол, оның оңтүстік-батыс қасбеттің ортасына салынған кіреберіс есігі сәулелі кескіндегі аркамен безендірілген.

Ескерткіштің негізгі аумағы таспасы түріндегі ернеумен көмкерілген. Кірпіштер ұзына бойы орналасқан толқын тәрізді жолақтар түріндегі екі бедерлі өрнектермен әсемделген. Негізгі қасбетте кіреберіс ойығын қапталдап тұрған екі қабырғаның қалдықтары бар.

Кесененің камерасы жоспарында шаршы пішінді, жарты циркуль кесінді сегіз қырлылықты құраған. Аркалар қабырғалық жауырыншаларға (пилястрлерге) тірелген.

Бұрыштық аркалардың қуыстары камера бұрыштарынан арка табанының биіктігінде басталатын кірпіш қаландыларының қатарымен толтырылған. Кесененің күмбезі күмбез асты аркаларының табандары деңгейінде басталған кірпіш қаландыларынан шығарылған.

Кесене архитектурасының тартымдылығы сол, оның шектелген аумақ жағдайындағы композициялық құрылымдары барынша шешімін тапқан. <ref>Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, Қызылорда облысы, Алматы: Аруна баспасы , 2011</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер