Жансейіт күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жансейт күмбезіқыпшақ мемлекеттік бірлестігі кезеңінде (13 ғасыр) тұрғызылған төрт бұрышты зәулім күмбез. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылының орталығына таяу, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.


Күмбездің іргесін құмайт қалың таспен қалап, үстіңгі жағын күйдірген кірпіштен өрген. Кіретін есігі сол кездегі дәстүр бойынша оңтүстік-батысқа қаратылған. Маңдай алды қирап біткен. Жақсы сақталғаны — үш қабырғасы. Солтүстік пен оңтүстік қабырғасының ұзындығы 9,8 метр, шығыс пен батыс қабырғасының ұзындығы 8,35 метр. Қабырғалардың сақталған биікт. 2,5 метрден 3,5 метрге дейін. Маңдай жақ қалауының қалыңдығы 3,5 метр, қалғаны 2,7 метр. Мазардың күмбезі құлап, ортасына түскен. Күмбездің түрі қандай болғаны белгісіз. Оның іргесінде шашылып жатқан көк шыны бедерлер ғана бар. Жансейт күбезінің теріскейінен 10 метр жерде ежелгі дәуірде кірпіш күйдірген екі пештің орны жатыр. Оны қазып көргенде ішінен күйдірген кірпіш, ғаныштың және бетін көк шынымен көмкерген жұқа кірпіштердің сынықтары табылды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті