Жанбек Нығметұлы Сауранбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанбек Нығметұлы Сауранбаев (5 мамыр, 1940-2016) - волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері. == Өмірбаяны == Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі.

  • 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды.
  • Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді.
  • 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанды.
  • 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді.
  • Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды.
  • Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді.
  • 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады.
  • 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub