Жанат Ескендірұлы Жақиянов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Жанат Ескендірұлы Жақиянов (4 қараша 1983 жыл, Петропавл, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы, аса жеңіл салмақта (53,5 кг) өнер көрсетеді. Онымен қоса WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион (2015—қ.у.), Петропавл қаласында тұрады, әрі бірінші жартылай орта салмақтағы IBF, WBO және IBO тұжырымы бойынша бұрынғы чемпион Рикки Хаттонның қарамағында жаттығады.

Кәсіпқой мансабы

Жанат 2006 жылы Ғалым Жарлығапов атындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанып, Серік Қонақбаевтың арнайы сыйлығына ие болады. 2007 жылы әуесқой бокстағы соңғы кездесуін Копейск (Ресей) қаласындағы халықаралық турнирдің финалында өткізді. Содан кейін жаттықтырушысы және Азаматтың қолдауымен кәсіби боксқа көшеді.

Жанат кәсіпқой рингтегі дебютін 2007 жылы 3 тамызда жасады. Оның алғашқы қарсыласы отандасы Нәби Қадыров болды, айқас Жақияновтың жеңісімен аяқталды. Кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс дәмін Жанат 2008 жылы 4 қазанда ресейлік Сахиба Усаровқа қарсы айқаста татты.

2014 жылы 26 сәуірде Жақиянов EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды. Осы жолы ол француз Карим Гуэрфиды 5 раундта нокаутпен жеңді. 2015 жылы 7 қарашада Йонфрез Парехоны жеңіп аса жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Кәсіби бокста Жанат 27 кездесу өткізіп, оның 26-сін жеңіспен аяқтады. Соңғы кездесуі Йонфрез Парехомен Монте-Карло қаласында өткізіп, жеңіске жетті. <ref>Боксрек сайтындағы Жанат Жақиянов жайлы мәлімет</ref><ref>Жанат Жақиянов чемпион атанды</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер