Жанар Хамитова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамитова Жанар - 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 5 жасында бірінші сыныпқа барған. Кішкентай кезінен спортпен шұғылданған, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан. 8- сыныптан бастап, үлкен сахналарға шыға бастады. 2006 жылы «Super Star» мега-жобасына қатысқан. Бұған дейін де «Жас сұңқар», «Замана бұлбұлдары» сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған. «Super Starдан» кейін «Superstar shou» деген 8 адамнан тұратын топта, одан кейін қыздардан тұратын «China Town» құрамында болды. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы «Арнау» дуэтінің құрамынан бөлініп кетті. <ref>Қазақстан әншілері кітабы, 2011 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/>