Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облысының драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облысының драма театры - 1902 жылы негізі қаланған театр. 2002 жылы Өскемен қаласындағы керемет ғимараттарының бірі – Жамбыл атындағы облыстық драма театрына 100 жыл толды. Бұл қаланың сәулеті, тарихы және мәдениетінің ескерткіші. Мұнда болған уақиғалар халықтың және толықтай өңірдің тағдырына үлкен маңыз берді. Бас кезінде 1902 жылы 26 қазанда ашылған бұл мекеме Халық үйі деп аталған болатын. Халық үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Сахнада қойылған бірінші пьесаның аты – «Жұмыстық слобода» болды. Тұрақты кәсіби театр болған жоқ және сондықтан да 1935 жылы қалалықтар М.И. Калининге труппа қалыптастыруға көмек көрсеуге өтініш білдірді. Өтініш қабылданып, 1936 жылдың қаңтарында Н. Гогольдың үйлену спектаклімен бірінші театрлық маусым ашылды. Театрдың жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драмма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның труппасында Г. Гребенщиковтың «Сүйкімді жігіт», ұлттық эпос мативы бойынша Н. Анненкова-Бернардың «Қамал» драмасы сияқты спектакльдер болған. 1939 жылы Шығыс Қазақстан өз бетімен облыс болып бөлінді және Өскемен қалалық театры облыстық дәрежені иеленді. 1941 жылдың маусымында театр ғимараты фашистік Германияны жеңу үшін барлық күшті жұмылдыру орталығы болды. ҰОС жылдары және соғыстан кейінгі онжылдық тарих бетіне жанкешті еңбек және театрлық ерлік ретінде кірді. Жылусыз, алайда лық толы театр залында жеңіске сенімді нығайтуға көмектесетін спектакльдер өтетін – «Орыс адамдары», «Шапқыншылық», «Ленинград қабырғасында» және т.б. 1946 жылдың шілдесінде Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен облыстық драма театрға туғанына 100 жыл толуына орай, қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың аты берілді. Сол кездегі театр репертуарында орыс және шет ел классикасына үлкен көңіл бөлінетін. Көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облдраматеатрында сахна өнерпаздары, ҚР еңбегі сіңген артістері, мәдениет қызметкерлері жұмыс істеген және істеп келеді. 2000 жылдың ақпанында Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры базасында өзінің бірінші театрлық маусымы Ғ. Мүсреповтың «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сулу» спектаклімен ашқан, қазақ труппасы қалыптасады. Қазір театр аса таныстыруды қажет етпейді, ол екі актерлік труппадан тұрады. Жыл сайын мұнда 8-12 премьера дайындалады, режисерлік құрам үнемі шығармашылық ізденісте жүреді. Театр өткелдерінде 280 жуық спектакльдер өтеді. Бұл қазіргі заман драматургиясының орыс, қазақ және шет ел классикалық пьесалары. Репертуарды құрастыру кезінде, көремдік кеңес ешқашан кішкентай көрермендерді де ұмытпайды. Олар үшін жыл сайын 3-4 спектакль қойылады. Театр үшін, әсіресе біздің театр үшін көрерменнің рухани сезімін, өмірге деген көз-қарасын сақтау және қолдау өте маңызды. Қалай ақша табу керек екені туралы ғана ойламай, өзімен-өзі келісімде болып, сезінуге және өз істеріне жауапты болуға дайын болып, механизмге айланбауға көмектеседі. Ол үшін біз, біздің театр классиктерге жүгінеміз, және оны Тұрмыстық шаттық театры ретінде құруға тырысамыз. Сол үшін болар, спектакль жанды жылыту, әр адамда бар керемет пен жарқындықты сезіну үшін көбінде классика қоямыз. Театрдың өз көрермендері бар, жаңа экономикалық жағдайда жетілген, бұның бәрі театрдың тірі жандылығының, салмақты кәсіби ниетінің куәгері. Театр салт-дәстүрді қамқорлықпен сақтап, болашаққа белсенді қарауда.