Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев (1938 -2008) - ғалым-физик, Техника ғылымының докторы (1996), профессор (1990 ж.), Халықаралык Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (1997 ж.), Университет ректорлары халықаралық ассоциациясының мүшесі (1996 ж.), Орталык Қазақстан жоғары оку орындары ректорлары аймақтық кеңесінің төрағасы (1996 ж.). Шет ауданның түлегі.

Қарағанды педагогика институтын бітірген (1961 ж.). 1961-1991 ж. сонда ассистент, оқытушы, ҚазМУ-де стажер-зерттеуші, аспирант, ҚарМУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика факультетінің деканы, университетің ғылыми жұмыстар жөніндегі және оқу ісі жөніндегі проректоры, Атырау педагогикалық институтың ректоры. 1991-2003 жылдары Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаев қатысуымен ұшатын аппаратгардың аэродинамикалық өңдеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталық аэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зертгеулерде колданылды.

1993-94 ж. 12-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Шет ауданның құрметті азаматы (1998 ж.). «Парасат» орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}