Жалғас Бисалыұлы Бабаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғас Бисалыұлы Бабаханов (6 маусым 1960 жыл Түркімен КСР Ташауз облысы Ленин ауданы, Тазаоба ауылы) - қазақ, Жаңаөзен қаласының әкімі (2000-2009).

  • Әкесі - Бабаханов Бисалы (1927-2000), математика мұғалімі болған. Анасы - Ташқараева Қағаз (1933 ж. т.), зейнеткер.

Білімі

Өмірбаяны

  • 1977 жылдан - Маңғышлақ электр желілері кәсіпорнының электр жөндеушісі (Жаңаөзен қ.).
  • 1978 жылдан - Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті.
  • 1983 жылдан - «Шевченкооблгаз» өндірістік бірлестігі (Жаңаөзен қ.) газ учаскесінің шебері; 1984 жылдан - аға инженері.
  • 1985 жылдан - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Өзен жөндеу-құрылыс басқармасының учаске шебері, учаске жұмысының жетекшісі, аға инженері - ӨТБ бастығы,

аға инженері, бастығы.

  • 1995 жылдан - «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі кен орындарын жайластыру жөніндегі өндірістік бөлімінің бастығы.
  • 1996 жылдың қаңтарынан - Жаңатас қаласы әкімнің орынбасары - мемлекеттік коммуналдық-шаруашылық кәсіпорынның (Жаңаөзөн қ.) директоры.
  • 1999 жылдан - Жаңаөзен қ. әкімінің м.а.
  • 2000 жылдан - Жаңаөзен қаласының әкімі.
  • 2009 жылдан бері - Маңғыстау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бастығы.

Марапаттары

  • «Құрмет» (2008) орденімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
  • ҚР Құрметті құрылысшысы (2010).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}