Жалаңаш ата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалаңаш ата — қазақ халқының аңыз әңгімелерінде кездесетін жел киесі.


Әрбір құбылыста құдірет бар деп сенетін халық желдің киесін желбір-желексіз, жеңіл жүретін бейнеге теңейді. Табиғат құбылысындағы мазасыз әрекеттің жебеушісі Жалаңаш ата деп білген. Ол үнемі жортып жүретіндіктен, үстіне киім кимейді, аптапқа күймейді, суыққа тоңбайды. Қыста ақ қарды оранып жатса, жазда ағаш пен шөптің саясында тыныстайды. Сонда жел де тына қалады. Қырман сыпырып, тары ұшырып жатқан қырманшылар Жалаңаш атаға ысқырып хабар беріп, жел шақырады. Мұны естіген Жалаңаш ата қарғып тұрып желді жұмысқа жегеді деп ойлаған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}