Жабас Халиоллаұлы Кеңесбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жабас Халиоллаұлы Кеңесбаев (1900-1981), ұстаз, ақын. Ақтоғай ауданының түлегі. ҚР еңбек сіңірген мұғалімі (1953). Қарқаралы қаласында мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курста оқиды. 1920-1930 жылдары сауатсыздықты жою науқанында үлкендермен қатар мектеп жасындағы балаларды да оқытумен шұғылданады. 30-жылдардың басында Алматы мұғалімдер институтын бітіреді. Ауданда тұңғыш мектеп ашылғаннан бастап қазақ әдебиеті мен тілінен сабақ береді. 1940 жылдан бастап қазіргі Ә. Бөкейханов, Ә. Ермеков атындағы және Сарытерек орта мектептерінің директоры қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңесбаев бірқатар өлеңдері жергілікті баспасөз бетінде жарық көрді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Сарытерек орта мектебіне Кеңесбаев есімі берілді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}