Есту түйсіктері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есту түйсіктері — адамның есту түйсіктері сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты. Есту түйсіктері есту рецепторына әсер ететін дыбыс шығарған денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуі болып табылатын дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады. Дауыс көмекейдегі дыбыс желбезегінің (шымылдығының) тербелісінен туады. Оның тербелісі ауаның өтуіне және дыбыс желбезегінің керілу күшіне байланысты болады. Дыбыстық толқындар,

  • біріншіден, тербелістің түрлі амплитудасымен сипатталады.
  • Екіншіден, тербелістің жиілігі мен созылу ұзақтығына байланысты болады.
  • Үшіншіден, тербеліс түрімен сипатталады.

Есту түйсіктері жүйелі, совдай-ақ жүйелі емес тербелістік процестермен де тудырылуы мүмкін. Біріншілері — музыкалық дыбыстарда, ал екіншілері — шуда бейнеленеді. Адамның сөйлеуінде де шулармен қоса музыкалық дыбыстар да бар. Кез келген дыбыстың негізгі қасиеттеріне жататындар: оның қаттылығы; жоғарылығы; тембрі. Дыбыстың есту аппаратына әсері барысында оның сезгіштігін өзгертетін адаптация процестері жүреді. Бірақ есту түйсіктері аймағында адаттгация жоғары болмайды және айрықша жеке-дара ауытқулармен сипатталады. Біздің құлақпен барлық дыбыстар қабылдана бермейді. Ультрадыбыстар да (өте үлкен тербелісті дыбыстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелісті дыбыстар) біздің естуімізден тыс қалады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}