Есмұхан Несіпбайұлы Обаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі. "Барыс" және "Парасат ордені" Ордендерінің иегері.

Биография

Есмұхан Обаев 1941 жылы Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай оқып бітірген жас өрен Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультеті, режиссерлік бөліміне түсіп, оны табысты тәмамдаған.

Білімі

Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "режиссура" факультетін үздік бітірген (1960-1964 жж).

Еңбек жолы

  • 1965-1967жж М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қоюшы-режиссер; «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты. Жас режиссер шеберлігін шыңдай түсу үшін Қазақстанның Мәдениет министрлігі Коллегия алқасының шешімімен Мәскеудегі М.Горький атындағы академиялық театрына (МХАТ) екі жылдық жоғарғы курсқа жіберілді.
  • 1968-1970жж МХАТ-та КСРО халық артисттері М.Н.Кедров пен И.М.Раевскийден дәріс алып, олардың "Ревизор" (Н.Гоголь), "Сүйікті алдамшы" (А.Тур) қойылымдарына көмекші-режиссер болды;
  • 1970-1972жж Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы-режиссер болып, Б. Майлиннің «Шұға», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Қашқар қызы», «Ботагөз», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ә.Әлімжановтің «Махамбеттің жебесі», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», т.б. пьесаларды қойды.
  • 1972-1992жж Республикадағы ежелгі өнер ордаларының бірі Семей облыстық Абай атындағы музыкалық драма театрына көркемдік-жетекші болды. . Бұл жиырма жыл - Батыс, орыс, қазақ классиктерімен қатар, бүгінгі күн драматургтерінің пьесса сахнаға шығарған айрықша кезеңі болды;
  • 1992-1995жж Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының (бұрынғы Алматы театр және кино иниститутынның) ректоры; Бұл басшылық қызыметінде жүріп, оқу орнының тәуелсіздік талаптарына сәйкес қайта жаңғыртуына үлкен үлесін қосты;
  • 1995-2001жж ҚР Мәдениет министрлігінің бірінші орынбасары, ҚР Мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары лауазымды қызыметтерін атқарып, кәсібіи Қазақ өнерінің өркендеп, өсуіне үлкен үлесін қосты. Германия, Үндістанда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және тағы басқа алыс-жақын шетелдерде өткен қазақ өнері мен мәдениетінің күндерінің көркемдік жетекшісі болды;
  • 2001 жылы ҚР Мәдениет министрінің бұйрығымен М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік - жетекшісі лауазымды қызыметіне тағайындады.. Содан бергі он шақты жыл ішінде осы сахнада М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Абай», Н. Гогольдің «Ревизор» («Пара»), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасу», Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», қырғыз драматургы Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…», И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» (Т.Аралбаймен бірге), Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», Д. Исабековтің «Жаужүрек», Т.Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» сынды әр сипатты пьесаларды сахнаға шығарды. Бүгінде табысты жүріп жатқан бұл көркем спектакльдер қара шаңырақ театрдың «қоғамның тәнінен адамның жанын іздегіштік» (А.Сүлейменов) бағытын айқындай түседі. Көркемдік жетекші және директор ретіндегі шығармашылық және ұйымдастырушылық толассыз еңбегі жемісін беріп келеді.
  • 2013 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директорының кеңесшісі лауазымды қызыметін абыраймен атқарып келеді.

Кәсіби шығармашышылығы

Н. Гогольдің «Үйлену», «Ревизор», М. Горькийдің «Шыңырау түбінде», У. Шекспирдің «Асауға – тұсау», Ғ. Фаизидің «Башмағым», С. Құдаштың «Құдаша», У. Гаджибековтің «Аршын мал алан», О. Иоселианидің «Арбаң аман болсын», ұлттық классикадан М. Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Дос – Бедел дос», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» пьесаларын, Е. Рахмадиев, Ғ.Мүсіреповтің «Қайран, Майрасын», сондай-ақ, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тарази, С. Жүнісовтердің драмалық шығармаларымен қатар, драматургияға 1975-1990жж. келген жас буын өкілдері О. Бөкеевтің «Құлыным менің», «Зымырайды поездар», Д. Исабековтің «Әпке», «Перизат», Т. Нұрмағамбетовтің «Ескі үймен қоштасу», Н. Оразалиннің «Тас киіктер», Р. Сейсенбаевтың «Өзіңді ізде», «Қазбектің оралуы», «Түнгі диалог», Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Қош бол, ертегім!» пьесаларының тұңғыш қойылымдарын сәтті жүзеге асырып, рухани айналымға түсірді. Ұзақ жылғы режиссерлік қызыметінде Абайдың 150 жылдығы, Жамбылдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығы және Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдық мерйтойларында ұлттық мерекелік қойылым топтарын басқарып, шығармашылық ізденістерін жоғарғы дәрежеде екеінін тағыда дәледеді. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера балет театрында, облыстық көптеген қазақ және орыс, сондай-ақ, Орта азия театрларында 100-ден аса өзінің қойылымдарын қойды.

Марапаттары

Шығармашылық зор жетістіктері, кәсіби ұлттық өнерді дамытуға сіңірген еңбектері бағаланып:

  • 1975 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері" құрметті атағы;
  • 1988 жылы "Қазақ КСРның Халық артисі" құрметті атақтары берілді.
  • 1993 жылы "Өнертану ғылымының профессоры" ғылым атағы;
  • 2004 жылы Театр өнеріне қосқан зор үлесі үшін "Бас Платинды Тарлан" сыйлығының иегері атанды.
  • 2007 жылы «Парасат» Орденінің иегері атанды.
  • 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" мемлекеттік мерекелік медальі;
  • 2014 жылы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» иегері атанды;
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальі берілді.
  • 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендиясының иегері.