Есмағамбет Ақылбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есмағамбет Ақылбаев (1908 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілер ауданында туған)- еңбек арадагері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.(1931). 1931-41 ж. Орал жоғары коммунистік мектебінде кафедра меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.1941-51 жж. Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінде жауапты қызметтерде,1951-53 жж. облыстық комитетінің хатшысы, 1953 жж. облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған.1972-74 жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты парткомының хатшысы болып жұмыс істеді. 1974-80 ж Қазақстан Министрлер Кеңесі жанындағы Діни істер жөніндегі кеңестің Жамбыл облысы бойынша уәкілі болды."Құрмет белгісі" орденімен және бірнеше медальдармен марапталған. Қазақстаннның еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері.<ref>Тараз, Жамбыл облысы энциклопедия, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы Алматы, 2003</ref>

Дереккөздер

<references/>