Ескен Аманжолұлы Сергебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ескен Аманжолұлы Сергебаев (19.5.1940 ж.т., Алматы) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер кайраткері (1992). 1969 ж. қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. 1969 - 74 ж. Алматы көркемсурет училищесінде, 1978 - 93 ж. Алматы театр және көркемсурет институтында, Қазақ көркемсурет академиясында сабақ берді. 1986 - 88 ж. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref> 1960 жылдан бастап жасаған мүсіндерімен көрмелерге қатысып келеді. Ол қондырғылы, монументті, монументті-безендіру мүсін саласымен айналысады. Абай (1963, ағаш), М.Әуезов (1977, мыс), әл-Фараби (1986, мыс; Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар мұражай-қорығы) мүсіндерінің авторы. Сондай-ақ, қола мен граниттен Әуезов ескерткішін (1980, Алматы; Қазақстан Мемлекеттік сыйл., 1982), халық ақыны H.Байғаниннің(1972, бетон; Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қауынкелді а.) I. Жансүгіровтің (1973, қола, бұрынғы Жансүгіров а.), т.б. ескерткіштерді жасады. Монументті-безендіру саласында еңбек етіп: "Шопан мен құрішші"(1975, Қызылорда қ.), "Ф.М. Достоевский" (1975, Семей қ.), "Қазақ эпосы" (1977, Атырау қ.), т.б.жасады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub