Ескендір Рамазанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рамазанов Ескендір1926 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қамыршы ауылында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін биолог-ботаник мамандығы бойынша бітірген (1951).

Кіші ғылыми қызметкер. Е.Рамазановтың 1951 — 1978 жылдар аралығындағы еңбек жолы: мектеп мұғалімі, "Учпедгиз" баспасы, FA ботаника институтының ғылыми қызметкері болып істеген. Ал 1978 жылы "Қайнар" баспасына әуелі аға редактор ретінде орналасып, аға ғылыми қызметкер, "Ақ бидай" редакциясының меңгерушісі дәрежелерінен откен. Ол ботаника, өсімдік тану саласында жүзге жуық мақалалар жариялап, "Орысша-қазақша ботаникалық сөздік", "Ауыл шаруашылық терминдерінің орысша-қазақша сөздігі", (Х.Тілемісовпен бірге), "Қазақстанның осімдік әлемі" (С.Арыстанғалиевпен бірге) атты құнды кітаптар шығарған. Е.Рамазанов мемлекеттік тәжірибеден өткізілген екі бидай тұқымының, сондай-ақ әртүрлі оқулықтар аудармасының авторы ретінде де танылды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}