Есет Құдайбергенұлы Жұбанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Тұлға

Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (22 қараша 1929 жылы туған, Ақтөбе қаласы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996).

КазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген (1951). 1951 –57 жылдары Петропавл педагог училищесінің оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің нұсқаушысы, “Қазақстан мұғалімі” газетінің қызметкері, 1957–1959 жылдары Тіл және әдебиет институттында ғыл. қызметкер, 1959–1961 жылдары осы институттың аспиранты, 1962–1991 жылдары кіші, аға ғылым қызметкер болған. 1991 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде доцент, жұбановтану лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ эпостарының тілін, әдеби тіл тарихын талдауға арналған.

Шығармалар

  • Литературно-лингвистические особенности “Козы-Корпеш – Баян-Сулу”. А., 1967;
  • Эпос тілінің өрнектері. А., 1978;
  • “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” эпосының текстологиясы, А., 1994;
  • Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996;
  • Халық әдеби тілін зерттеудің лингвистикалық аспектілері. А., 1997.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есет Құдайбергенұлы Жұбанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} ]