Есен Әбікенұлы Бектұров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бектұров Есен Әбікенұлы(14.12.1931 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент) – химия ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері (1986).

ҚазМУ-ді (1954) және оның аспирантурасын (1957) бітірген. 1958 — 1997 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында полимерлер физика-химия лабораториясының кіші, аға ғылым қызметкері, меңгерушісі (1966—1997) болды. 1997 жылдан осы институттың бас ғылым қызметкері. Негізгі ғылыми еңбектері суда еритін және ісінетін полимерлер мен полиэлектролиттердің кешенді түзілуін және физика-химия қасиеттерін зерттеуге арналған. Ерітіндідегі баяу әсерлесетін жүйелерді зерттеудегі уақыттың мәнін алғаш рет көрсетті.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref> Еріткіш табиғатының сұрыпталып өзгеру әдісінің жаңа нұсқасын ұсынды. Полимерлердің құрылымына, макромолекулалардың термодинамикалық иілгіштік қасиетіне ортаның әсер етуі сияқты бірқатар заңдылықтарды ашты. Комплементарлығы бұзылған әсерлесуші макромолекулалар жүйесінде комплекс түзу мүмкіндігі көрсетілді. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1986) және ЮНЕСКО-ның Н. Бор атындағы алтын медалінің лауреаты (1997).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}