Есен Демесінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есен Демесінов(15.4.1938 ж. т., Жуалы ауданы Қайрат а.) – милиция генерал-майоры.

Қарағанды жоғары милиция мектебін (1961) және Мәскеудегі Ішкі істер академиясының жоғарғы курсын бітірген. 1961 – 68 ж. еңбек жолын Жуалы және Қордай аудандарында милицияның оперативті өкілі, тергеушісі болып бастаған. 1968 – 84 ж. Қаратау қ-лық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары және бастығы, Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының оперативті бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1984 – 97 ж. Қызылорда облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, осы басқарманың бастығы болды. 1997 ж. зейнет демалысына шықты.

«Құрмет белгісі» орденімен, алты медальмен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақ КСР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» белгілерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 5-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}