Ерік Тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерік Тілі— бұрынғы Орал облысы Жымпиты уезінің газеті. 1920 жылғы қарашадан 1923 жылғы наурызға дейін апта сайын шығып тұрған. Таралымы 500 — 600 дана. Газет жергілікті халыққа ашаршылықтан соң әлеуметтік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу жөнінде ақыл-кеңес беру, жөн-жоба көрсету мақсатын көздеген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Сондай-ақ, аудандағы кеңестік құрылыс жұмысын, “жаңа экономикалық саясатты” және қосшы ұйымдарының, кооперативтендірудің мәні мен пайдасын түсіндірді. Ел ішіндегі асыра сілтеушілікке, өктемдікке, барымтаға, пара алуға, т.б. ұнамсыз қылықтарға, ауыл белсенділерінің жолсыздықтарына қарсы күрес жүргізді. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}