Ерік Мағзұмұлы Асанбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ерік Мағзұмұлы Асанбаев (10.3.1936, Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылы – 22.8. 2004, Алматы қаласы – мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы (1978).
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–1967 жылы ҚазМУ-да, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде (1973–1975) қызметтер атқарған. Қазақстан Министр Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары, 1988–1989 жылы Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы (1989–1991) болды. 1991 жылдың сәуір–қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі болған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сілтемелер
- Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Мағзұмұлы Асанбаев ..
- Заманынан оза туған тұлға - Мәдениет - Жаңалықтар фабрикасы ..
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерік Мағзұмұлы Асанбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}