Ермек Қуандықұлы Серекбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Қуандықұлы Серекбаев (9 ақпан 1958, Петропавл, Қазақстан) — қазақстандық заңгер, 2010 жылдан бері Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

1988 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Қызмет жолы

  • 1979 жылдан - СҚО ІІБ инспекторы.
  • 1985 жылдан - СҚО жұмысшылар одағының заңгері, бас төрешісі.
  • 1991 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесінің құқықтық сараптама секторының меңгерушісі.
  • 1992 жылдан - СҚО бас мемлекеттік төрешісінің орынбасары.
  • 1993 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық төрелік сот төрағасының орынбасары.
  • 1995 жылдан - Ақмола облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі сот комиссиясының төрағасы.
  • 2002 жылдан - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
  • 2006 жылдан - Павлодар облыстық сотының төрағасы.
  • 2010 жылдың ақпан айынан бері - Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

Медальдары

  • «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004);
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005);
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>