Ермек Аманшев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Аманшев (12.3. 1963 жылы, Маңғыстау облысы) — филолог, қоғам кайраткері. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Еңбек жолын Маңғыстау облысы Ералиев ауылында мұғалімдік жұмыстан бастаған. 1985-86 жылдары ұлттық орталық мемлекеттік музейде, 1986-88 жылдары Қазақ энциклопедиясында ғылыми қызметкер, 1988-91 жылдары ;;"Жалын" журналы]]нда жауапты хатшы, 1995-97 жылдары ҚР Үкіметінің Аппаратында жауапты қызметкер, 1997-2000 жылдары ҚР Премьерминистрі канцеляриясында кеңесші, сектор меңтерушісі, 2000-2002 жылдары Астана қаласының Мәдениет департаментінің бастығы, 2002-2003 жылдары Мәдениет, Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, 2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет вицеминистрі, 2004-2006 жылдары Мәдениет, Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, 2006-2008 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

Қазір [[Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық телекомпаниясының төрағасы. "Үзілген бесік жыры", "Қыр астындағы сол ғажайып әлем", "Сұлтан болсам мен егер", "Жұлдыздарда бір сыр бар" пьесаларының, "Мен Абылайды әке дер ем", "Мұхтар Әуезов", "Албасты туралы аңыз" атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Ф.Кафканың, С.Ванустың шығармаларын Қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}