Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы

Үлгі:Медальдар

Сурет:Ермахан.jpg
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.

  • 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
  • 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
  • 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).

1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

75 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 05.06.1995 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 5:8 Үлгі:Flagicon Zsolt Erdei

Атлантадағы Олимпиада ойындары

71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 23.07.1996 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 15:4 Үлгі:Flagicon Nick Farrell
1/8 27.07.1996 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Үлгі:Flagicon Hendrik Simangunsong
1/4 31.07.1996 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 19:9 Үлгі:Flagicon Markus Beyer
1/2 02.08.1996 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 19:28 Үлгі:Flagicon Alfredo Duvergel

1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.10.1997 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 10:1 Үлгі:Flagicon Ikrom Berdiev
1/8 21.10.1997 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Үлгі:Flagicon Emil Krastev
1/4 22.10.1997 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSC 4 Үлгі:Flagicon Mohamed Hikal
1/2 24.10.1997 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSCH 2 Үлгі:Flagicon Ercument Aslan
Финал 26.10.1997 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 7:9 Үлгі:Flagicon Alfredo Duvergel

1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 22.08.1999 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Үлгі:Flagicon Adnan Catic
1/4 24.08.1999 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 19:9 Үлгі:Flagicon Claudio Perugino
1/2 25.08.1999 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 11:12 Үлгі:Flagicon Jorge Gutierrez

Сиднейдегі Олимпиада ойындары

71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.09.2000 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Үлгі:Flagicon Youssif Massas
1/8 23.09.2000 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Үлгі:Flagicon Hely Yanez
1/4 27.09.2000 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 16:9 Үлгі:Flagicon Juan Hernandez Sierra
1/2 29.09.2000 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов RSCO 4 Үлгі:Flagicon Jermain Taylor
Финал 01.10.2000 Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов 25:23 Үлгі:Flagicon Marian Simion

Әскери атағы - майоры. Хоббиі - туризм.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>